Қазір Қазақстанда 6 ресми партия бар, оның үшеуі Парламент құрамына кіреді. Партия дегеніміз не? Саяси партийлардың атқаратын қызметі қандай? Партия құру құқығына кімдер ие? Қазақстанда партия құру ережелері қандай? Біздің жүргізушілер Заңғар мен Ақерке саяси партия және партия құру тақырыбында Маржан Хасенқызы және Инга Иманбаймен сұхбат жүргізді. Инга ханым өз оқиғасын баяндап, Қазақстандағы партия құру әлегі туралы айтып берді. Өте қызық, ауқымды әңгіме болды. Еліміздің қиын кезеңдерінде біздің подкастымызды тыңдап, білім шыңдауға шақырамыз!